Еңбегі еленген жандар...

/uploads/thumbnail/20170708194943139_small.jpg

Осындай тақырыпта бүгін аудандық жастар саясаты орталығы және  Маңғыстау техникалық колледжі әкімшілігінің ұйымдастыруымен  Маңғыстау техникалық колледжінде патриоттық басқосу жиыны болып өтті. Жиынға аудандағы еңбек ардагерлері және белсенді жастар, «Каспийцемент» ЖШС жас мамандары, колледж студенттері қатысты.Жиынды орталық басшысы Аллаберген Қонарбаев ашып, жиынның мақсат міндетін  түсіндіріп, Еңбек күнінің жастар үшін маңыздылығын айтып кеңінен тоқталды. Жастармен кездесуге еңбек ардагерлері Өмір Сағындықов, Жұмағұл Селбаев, мемлекеттік қызмет салада ұзақ жыл бойы еңбек еткен Жалғас Жапақовтар қатысты. Сондай ақ жиында ардагерлер жастарға еңбексүйгіштік  туралы  өздерінің ой пікірлерін, алғашқы тәлімгерлері туралы ортаға салды.  Жиында жастар тарапынан «Каспийцемент» ЖШС жанындағы Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері Тұрар Тілеуханов пен Марат Ерниязовтар сөз алып, казіргі қоғам туралы оның ішінде жұмысшы жастар жайында пікірлерін айтты.

«Бүгінгі жиын керемет өтті. Мен баяғы жастық шағымды есіме түсіріп көзіме жас алдым. Патриоттық бағыттағы ұйымдастырылған Елбасының тапсырмасына орай 100 нақты қадамындағы  тапсырмалардың жастар  өмірі үшін маңызы зор. Бір сөзбен айтқанда «Еңбек бәрін де жеңбек» дейді дана халқымыз. Еңбек етем деген адамға казір барлық жағдай жасалды ғой. Сондықтан жастарды тек қана еңбек етуге шақырамын.» дейді еңбек ардагері Жұмағұл Селбаев.

Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты

 «Қамшы» сілтейді

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар