Бүгін Қазақстан Халқы ассамблеясы «100 нақты қадам ұлт жоспарының 86, 87 қадамдарын іске асыру мақсатында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы Дала Елі» республикалық тарихи - мәдени экспедиция қасиетті де, қадірлі 87 жылдық тарихы бар қарашаңырақ Маңғыстау ауданына келді. Бұл экспедицияның мақсаты - Қазақстан халқының тарихи мәдени және рухани мұрасын оқып үйрену мен насихаттау негізінде қазақстандықтардың бірегейлігі мен ұлттық бірлігін нығайту болып табылады.
Тәуелсіздік алаңында өткен патриоттық шарада сөзді алдымен аудан әкімі Ж.Айтуаров мырза алып: «Бұл ауданда халық жазушысы Әбіш Кекілбаев, қазақтан шыққан тұңғыш желаяқ Амин Тұяқов, қазақ боксының атасы Шоқыр Бөлтекұлы, қазақ мифологиясының бірегей тұлғасы Серікбол Қондыбай, ғалымдар Берекет Жұмалиев, Нұн Жұбаев, Мекерия Атымовтар дүниеге келген қасиетті топыраққа қош келдіңіздер. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!» - деп тілегін арнады. Жиында сондай-ақ «Ұлы дала елі» экпседициясының мүшесі Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық хатшылық меңгерушісі Гүлжан Исмурзина, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманқос Ертілеуов мырзалар сөз алды.
Аталмыш шарада орыс ұлтының өкілі Федотов Николай «Адай» күйін тартса, ассамблея мүшелері Акимхан Мизамединов, Адилбаев Манас «Тастемірдің әнін» және де басқа патриоттық әндер шырқады. Ал шетпелік жастар Дарын Қосай мен Абдиева Сахи да «Маңғыстау», «Алға Қазақстан» әндерін тамылжыта орындады.
Экспедиция мүшелері одан әрі аудандағы Айрақты, Шерқала, Қызылқала секілді тарихи мәдени орындарды аралап, туған жердің тарихымен кеңінен танысты.
Аталмыш жерлерді аудан меймандарына журналист, жастар орталығының басшысы А.Қонарбаев таныстырып жүрді.
Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты
«Қамшы» сілтейді
Пікір қалдыру