«Салауатты өмір салтын ұстан» ұранымен Денсаулық фестивалі өтті

/uploads/thumbnail/20170708194944488_small.jpg

Өткен аптаның сенбі күні аудан орталығында республикалық «Салауатты өмір салтын ұстан» ұранымен өткізілетін Денсаулық фестивалінің ұранымен “Денсаулық фестивалі-2015” шарасы өтті.

  Шараның бір ерекшелігі үш жақтан яғни  «Дария» мекемесінен  және Ардагерлер үйінен  сондай ақ темір жол вокзалынан жас марафоыншылар  «Саламатты қазақстан» туын ұстап орталық көшлермен жүгіріп келіп  «Қазақстан 2050» қиылысында түйісіп, республикаға танымал жас спортшылар, Қазақстан чемпиондары  Ерболек Құдайбергенов, Қайлыбаев Азамат, Қонысов Қуандыққа табыстады. Туы ұстаған жастар одан әрі орталық алаңға қарай бет алып марафонды жалғастырды. Аталмыш марафонға 150 спортшы жастар,  медицинаның жас мамандары мен ұстаздар қауымы белсенділік танытты. Орталық алаңда оларды спорттық киім киген «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, аудан әкімдігі, аудандық жастар денсаулық орталығы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары аудандық филиалы,  жастар саясаты орталығы  спорт және дене шынықытыру бөлімі секілді мекемелердің қызметкерлері жоғары көңіл күймен қарсы алды.  Денсаулық фестиваліне қатысушылар алаңға көп жиналды. Жалпы саны мыңға спортты жанынна серік еткен спортшы қауым орталық алаңда сап түзеді.

Қазақстан Республикасының Гимні орындалып, “Денсаулық Фестивалі-2015” салтанатты жиынды аудан әкімі Ж.Айтуаров құттықтау сөзбен ашты.

– Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында қалың елдің салауатты өмір салтын ұстануы мен спортпен шұғылдануына айрықша көңіл бөлініп келеді. Қоғамның басты байлығы –адам болса, адамның басты байлығы-денсаулық. Бүгінгі денсаулық Фестивалі көпшіліктің салауатты өмір салтын ұстануына бастайды,-деді аудан әкімі. Денсаулық акциясы барысында өткен гимнастикалық билер,  қол күресі, арқан тарту, гір көтеру, сияқты спорттық ойындар ұйымдастырлды.

Арқан тарту  сайсында қыздар арасында жүлделі 1 орынды Б.Жұмалиев атындағы орта мектепің ұстаздары мен оқушыларынан құралған «Берекет жастары» командасы, ал екінші орынды орталық аурухананың «Абзал жандар» командасы, ал үшінші орынды А.Мендалыұлы атындағы орта мектептің  «Алшын асулары» командасы місе тұтса, ерлер арасында арқан тартудан  1 орынды Н.Жұбаев атындағы орта мектептің «Нұн шамшырақтары» командасы, 2 орынды А.Мендалыұлы атындағы орта мектептің «Алшын жігіттері» командасы, ал 3 орынды Шетпе гимназиясының «Гимназия барыстары» иеленді. Ал  гір тасын көтеруден ерлер арасында жүлделі 1 орынды  Қанаш Серікболсын, 2 орынды  Сисенғалиев Нұрсұлтан, 3  орынды Асқар Азидолла иеленсе, қол күрестен қыздар арасында жүлделі бірінші орынды Зоя Міркібаева, екінші орынды аурухана қызметкері  Орынгул Мұқанова, үшінші орынды Айсұлу Абдуллаева иеленді. Барлық жүлдегерлерге облыстық салауатты өмір салтын қлаптастыру орталығы, жастар саясаты ортлағы жәнеспорт бөлімі  атынан сыйлықтар табысталды.

Адам денсаулығына байланысты акцияның өз деңгейінде өтуіне аудандық Ш.Бөлтекұлы атындағы спорт кешені мен мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының қосқан үлесі зор болды.

«Бүгінгі шараға 700 ден астам жастар қатысты. Бұл көрсеткіш жастар денсаулығын арттыруда маңызды болды. Өйткені жылына бір ақ рет болатын салауаттылық шарасы денсаулықтың қадірін ұғындырып түсіндіргендей болды. Спорттық іс шарада арқан тарту, қол күресі, марафон, гір тасын көтеру байқауларына өз басым белсенді қатыстым. Бүгіннен бастап өзім енді таңертең күнде  жүгіруді  мақсат етіп отырмын. Мен осылайша Елбасының саясатына сүбелі үлесімді қоспақпын» дейді Ш.Бөлтекұлы атындағы спорт кешені директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  Аманжол Мұхамеджанов.

Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты

 «Қамшы» сілтейді

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар