1 қыркүйек білім күні жас жүректердің дүрсілі. Бұл күні біреулер мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, мектеп атты зәулім ғимаратқа имене көз тастаса, біреулер университет қабырғасына балмұздақ болып қонақтап жатыр. Бұл күні балалармен бірге мұғалімдер де, ата-аналар да бір жасап қалады. Еліміз бойынша 2 млннан астам оқушы жазғы демалыстарынан кейінгі жаңа оқу жылын бастайды. Олардың ішінде облыс бойынша 30 мыңға жуық, аудан бойынша 3 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған 1-сыныпқа қадам басты.
Бүгін таңертең аудан әкімі Ж.Айтуаров мырза білім күніне ауданның үлгілі оқу ордасы Шетпе гимназиясында болды. Гимназия биыл 30 оқушы қабылдап салтанатты жиын өткізілді. Қоңыраудың алғашқы үнін естіген оқушылар мәз мәйрам.
Жиында аудан әкімі Ж.Айтуаров мырза оқушыларды құттықтап, мектеп қоңырауын бірінші рет еститін барлық бүлдіршіндерге бүгін Елбасының «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітабын сыйға тартты.
Салтанатты жиыннан соң Ж.Айтуаров мырза бүгін барлық мектептерде оқушыларды отансүйгіштікке шақыратын жаңа «Ерлік сабағына» қатысып үш тұғырлы тілдің жастар арасындағы оқылуын өз көзімен тамашалады. Жас мамандар оқушыларға алғашқы сабағын ағылшын, орысша, қазақ тілінде өткізіп өз білімдерін дәлелдеді.
9-11 сыныпоқуышларымен кездескен Ж.Айтуаров мырза алдағы уақытта Шетпе гимназиясына жаңа ғимарат салынатындығын қаперге берді.
Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты
«Қамшы» сілтейді
Пікір қалдыру