Еңбек министрлігі атаулы әлеуметтік көмек алғандар санын жариялады

/image/2021/09/24/crop-145_-4_697x929_54.jpg

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылғы 1 қыркүйекте 891,1 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанын мәлімдеді. Ағымдағы жылы осы мақсатта бюджеттен 83 млрд теңге бөлінген. 

Бұдан бөлек, атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы 1-6 жасқа дейінгі 227,1 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.

Айта кетейік, атаулы әлеуметтік көмек – отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен азаматтарға беріледі. 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар