Ресейлік сайт Қазақ боксшысын көзге ілмепті

/uploads/thumbnail/20170708151130349_small.jpg

Ресейдің "Чемпионат. com" спорттық порталы, кәсіпқой бокс бойынша 2013 жылдың үздік 13 жекпе-жегін жіпке тізіпті деп хабарлайды nur.kz.golovkin_1245

Бір қызығы жерлесіміз Генадий Головкиннің осы жылы өткізген титулдық төрт кездесуінің ешқайсысы бұл тізімге енбеген.

Қазақ боксшысын көзге ілмеген ресейлік танымал портал, өз отандастарына келгенде аянып қалмаған сыңайлы.

Олай дейтініміз ресейлік боксшылардың қатысумен өткен үш бірдей бәсеке үздіктер тобына қосылыпты. Бұл тізімді америкалық Тимоти Брэдли мен ресейлік Руслан Проводников арасындағы кездесу бастап тұр.

Есесіне канадалық Адонис Стивенспен бірге "жыл боксшысы" атағын бөліскен жерлесімізге HBO сарапшылары әділ бағасын берді. Олар Головкинді "жыл соққысының" авторы деп таныды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар