– Екі қолым аурады, жоғары көтере алмаймын, бүгілмейді, қаламсап ұстаудың өзі қиын. Аяғым да ауырады, камера ішінде ғана жүремін, серуенге шығудан бас тарттым. Таксафонға коляскамен барамын. Этапта соққыға жыққан кездегі жарақаттарым болу керек. Толық (медициналық-ред) тексеруден өтуді ұсынды, бірақ мен одан бас тарттым. Себебі менің жасымда сәуле (облучение) алу қауіпті деп есепеймін, – деген Арон Атабек.
Бюро сайтының мәліметінше, мекеме әкімшілігі топ мүшелеріне Арон Атабектің амбулаториялық картасын көрсеткен. Онда ол 2021 жылғы 4 тамызда қан анализін тапсырудан, флюрографияға түсуден, буындарын ренгенге түсіруден бас тартқаны жазылған. Мекеме басшысы Қапышев Әділхан Темкенұлы Арон Атабек медицина қызметкерлерінің бақылауында екенін айтқан.
"228 медициналық хаттамасында Арон Атабектің сүйек-буыны ауыратындығы, екі қолының да саусақтары деформацияланғаны, жарты жылдан бері іш қату салдарынан үлкен дәретке баралмай, клизма алатындығы және жүргенде өнебойы дірілдейтіні жазылған. Бұдан бөлек, хаттамада оның 30.07.2021 жылы медициналық тексеруден бас тартқаны жөнінде, кейіннен терапевт дәрігердің тексеруді камерада өткізгендігі жөнінде айтылған. Дәрігер Арон Атабекке церебросклероз, дисциркуляторлық энцефалопатия, стенокардия, созылмалы гастрит, созылмалы геморрой, қол-аяқтың артрозо-артитті диагноздарын қойып, жалпы клиникалық анализ тапсыруға, витаминдер ішуге, невропатолог пен кардиологқа баруға, УЗИ, ОБП және ренгенге түсу кеңес берген. Бірақ Арон Атабек оның барлығынан бас тартқан" делінген бюро ақпаратында.
Арон Атабек 15 жылдан бері түрмеде отыр. Ол 2006 жылғы "Шаңырақ" оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған. Сот Атабекті "Шаңырақ" оқиғасы кезінде қаза тапқан полиция қызметкерінің өліміне айыпты деп таныған.
Пікір қалдыру