КВИ. Тағы 52 адам қайтыс болды, мыңнан астам адамның жағдайы ауыр

/image/2021/09/29/crop-21_70_653x1161_756109684204826.jpg
Денсаулық сақтау министрлігі 28 қыркүйек күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
 
Ведомство мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 1925 адамнан коронавирус, 220 адамнан пневмония анықталған. 27 қыркүйекте 42 адам коронавирустан, 10 адам пневмониядан көз жұмған.
 
29 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 61 490 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 10 368 пациент стационарда, 51 122 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 848 адамның жағдайы ауыр, 207 пациенттің жағдайы өте ауыр, 126 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

29 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда 7 594 542 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін, 6 500 573 адам II компонентін салдырған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар