Қазақстанның ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне Руслан Жақсылықов тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды" делінген хабарламада.
Руслан Жақсылықов 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысының Қаскелен қаласында қызметшілер отбасында дүниеге келген.
2006-2007 жылдары-ІІМ Ішкі әскерлері қолбасшысының орынбасары.
2007-2008 жылдары - Қазақстан ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары-Ішкі әскерлер Бас штабының бастығы.
2008 жылғы 4 қыркүйектен бастап - ІІМ Ішкі әскерлерінің қолбасшысы.
2013 жылғы 22 қаңтардан бастап - ІІМ Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшысы.
2014 жылғы 24 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы болды.
Пікір қалдыру