"Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктер мәліметінше, республиканың басым бөлігінде фронталды бөліктердің әсерінен жауын-шашын болады. Ел орталығында және оңтүстік-батыста жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Республиканың батысына солтүстік антициклон әсерін тигізеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы мен таулы аудандарда жаңбыр мен қар болжанады. Барлық өңірде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте және шығыста тұман, солтүстікте көктайғақ, оңтүстікте найзағай болады. Түнде және таңертең тұман болжанады.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың оңтүстік-батысында жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Қостанай облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрып, өңірдің батысында, солтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысының оңүстік-батысында және таулы аудандарында шаңды дауылмен бірге жел күшейеді. Күндіз облыстың шығысында және таулы аудандарында найзағай болады. Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ болады. Өңірдің солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жетеді. Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында және солтүстік-батысында тұман күтіледі, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с артады.
Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі, орталығында 15-20 м/с екпінде жел соғады. Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының оңтүстік және шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
1 қазаннан бастап, солтүстік-батыс антициклонның батыстан шығысқа қарай ығысуына қарай, жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының одан әрі төмендеуі мен суық күтіледі.
Пікір қалдыру