Қаратау ауданына қарасты Асар шағын ауданын оптикалық желі арқылы сапалы интернетпен қамту үшін Шымкент қаласы әкімдігімен жеке инвесторлар тартылған болатын.
Осы жұмыстардың нәтижесінде «i-LinkNet» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан Асар шағын ауданына оптика желісі толық жүргізілді. Бұл туралы қалалық цифрландыру басқармасы мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, ондағы 2000-ға жуық үйге талшықты оптика желісі, яғни, жалпы саны 200 шақырымды қамтитын абоненттік кабель тартылған.
Нәтижесінде, аталған шағынаудандағы 9 мыңға жуық тұрғынды сапалы интернетпен қамтуға толық мүмкіндік бар. Бүгінде, өтініш қалдырған 200-ге жуық үйге интернет желісі қосылып, тұрғындардан қосымша өтініштер қабылдануда. Егерде тұрғындар тарапынан кеңжолақты интернет желісіне қосылуға нақты өтінімдер берілген жағдайда, «i-LinkNet» компания тарапы шағын ауданды толыққанды талшықты оптика желісімен (200 Мбит/сек жылдамдығына дейін) қамтамасыз ететін болады.
Алдағы уақытта, «i-LinkNet» компаниясы Самал-3 шағын ауданын (100%) талшықты оптика желісімен қамту жұмыстарын жүргізетін болады,- дейді басқарма мамандары.
Пікір қалдыру