Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова басқармаға қарасты №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысты.
Жалпы орталықта көмекке мұқтаж, жасы 18-ден асқан, I - II топтағы психоневрологиялық аурулары бар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 8 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі. Қазіргі таңда орталықта 225 мүмкіндігі шектеулі азаматқа көмек көрсетілуде.
-Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету қоғамның ортақ міндеті. Жақын арада орталық көпфункционалды кереуеттермен, арнайы құралдармен және мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау мақсатында арнайы автокөлікпен қамтылды,- деді басқарма басшысы.
Орталықта қызмет алушыларға барлық жаңдай жасалынған. Мұнда 3 медициналық бекет, 100 адамға шақталған асхана, 2 тренажерлық зал, қызмет алушыларға ыңғайлы пандус пен лифт бар.
Пікір қалдыру