Жыл соңына дейін 21,3 мыңға жуық тұрғын сапалы электрмен қамтылады

/image/2021/09/30/crop-105_12_825x1100_10.jpg

Шымкент каласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков қала әкімдігінің инстаграм парақшасында тікелей эфирде сұхбат берді.

Басқарма басшысы қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды қорытындылап, тұрғындардың сапалы ауыз су, кәріз жүйесі, табиғи газ, электр қуатымен қамту саласына қатысты сауалдарына жауап берді.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында барлығы 81 елдімекеннің 65-і (95 %) сапалы электрмен қамтылған. Қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы 3 қосалқы станция мен 16 елдімекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Таяуда ғана «Бозарық» қосалқы станциясы іске қосылған болатын. Қуаттылығы 160 мВт құрайтын қосалқы станция 250 мың халықты сапалы электр қуатымен қамтуға қауқарлы. Сондай-ақ, осы кешеннен қуат алатын «Нұрсәт», «Астана-1», «Астана-2», «1-М-1» қосалқы станцияларының құрылыстары аяқталған. «Ынтымақ» қосалқы станциясының жобалық-сметалық құжаты дайын.

Қазіргі уақытта «1-М-1» қосалқы станциясының құрылысы аяқталып, сынама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл нысанның қуаттылығы – 40 МВт. 5 елдімекен – Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Қайнарбұлақ және Қайтпас-2 шағынауданының қосылу көзі болып саналады. Жалпы қамтылатын халық саны – 60 мыңға жуық.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін барлығы 7 елдімекенде (Ақжар, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Жалын, Достык тұрғын алабы) құрылыс жұмысы аяқталып, жыл соңына дейін 21,3 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылады. Қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту көрсеткіш 97 %-ға өсетін болады.
Ал арнайы жоба бойынша 2025 жылы қала тұрғындары 100 пайыз сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
Басқарма басшысы эфир барысында тұрғындар сауалына жан-жақты жауап берді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар