Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы. Халқымыз қыз психологиясы ерекшелігін түсіне білген. Отбасы, әке-шешесі, аға-жеңгелері, бойжеткен қызын жібектей мінезімен, уыздай тәтті қылығымен, іскерлік-ұқыптылығымен, сыпайы-салмақтылығымен, әдепті-ізеттілігімен көргісі келген. Оларды кішкентайынан көздің қарашығындай сақтап, жаны мен арының таза, мінезінің жайсаң болуын қадағалап отырған, олардың мінездерінің өзгертіндігін ескере отырып, «қырық үйден тыю» керектігін үнемі ескертіп отырған.
Осыған байланысты Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Монтайтас ауылдық округінің Б.Онтаев атындағы жалпы орта мектебінің акт залында «Ақылды қыз – ауыл көркі» тақырыбы аясында «Қызға қырық үйден тыю» атты кездесу өтті.
Кездесуді Б.Онтаев атындағы жалпы орта мектептің директоры Т.Балғынбеков ашып, жүргізіп отырды. Кездесуге қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Арыс қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Ш.Нұртазаева, «Әжелер алқасының» төрайымы Ө.Елубаев, Б.Онтаев атындағы жалпы орта мектебінің қызметкерлері мен жоғары сыныптардың оқушы қыздары, БАҚ өкілдері қатысты.
Арыс қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Ш.Нұртазаева Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы аясында мағлұмат берді.
«Әжелер алқасының» төрайымы Ө.Елубаева «Қызға қырық үйден тыю» тақырыбында және Б.Онтаев атындағы жалпы орта мектебінің медбикесі Ә.Исабекова «Гигиена және жыныстық даму» тақырыбында баяндамалар жасады.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісті жауаптар берілді.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру