Түркістанда аналардың бала туу көрсеткіші артқан

/uploads/thumbnail/20170708194952353_small.JPG

Түркістан қаласындағы  №3 облыстық перениталды орталығында бір күнде 30 сәби дүние есiгiн ашты. Осыған орай, қала әкiмi Ә.Өсербаев перзентханаға арнайы барып, дүниеге келген нәреселердiң аналарын құттықтаған. Бұл туралы «Қамшы» порталы Түркістан қалалық әкімшілігінің аппаратын сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қала әкімі алдымен Бақытжамал Мәмбетованы Әлинұр есiмдi ұлды өмiрге әкелгенi үшiн құттықтап, Әлинұрдың елiмiздiң ертеңгі тұтқасын ұстайтын үлкен азамат болуына тiлектестiгiн бiлдiрiп, жас анаға өзiнiң құттықтау хатын тапсырып, нәрестеге сый-сияпат жасады. Сонымен бірге, шаһар басшысының нұсқауымен қала әкімінің орынбасарлары барлық аналарға сый-сияпат жасап, құрмет көрсеттi.

Осы тұрғыда 23 жастағы Бақытжамал Мәмбетовамен тiлдескенiмiзде ол өзiнiңтұңғышұлы екенiн өмiрге Әлинұр есiмдi ұлының салмағы 3 кг 200 грам болып туылғанын қуанышпен жеткiздi.

- Бүгiнгi өздерiңiз көрiп отырғандай №3 облыстық перениталдық орталық Түркiстан қаласымен қатар, Кентау, Созақ, Отырар аудандарына қызмет көрсетедi. Былтыр бұл перзентханада 8200 нәресте дүниеге келдi. Биыл осы 6 айдың қорытындысы бойынша салыстырмалы түрде былтырғы І-жартыжылдық көрсеткiшке жетiп отырмыз. Барлығының денсаулықтары жақсы.Бүгiн, ертеңүйлерiне шығады. Былтырғы Астана күнiнде 18 нәресте дүниге келген болатын. Осыдан ақ қаламызда бала туу саны жыл санап артып келедi, - дейдi қаламыздағы №3 облыстық перениталды орталығының бас дәрiгерi Алма Ильясова.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар