Шымкенттік 7 отбасы «Үлгілі отбасы» байқауында бақ сынады

/uploads/thumbnail/20170708194951821_small.jpg

Облыстың ең үздік шаңырағы. Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі тамаша бастама – «Мерейлі отбасы» байқауының жалғасы ретінде игі шара ұйымдастырды. «Үлгілі отбасы». Ұлттық құндылықты сақтап, салт-дәстүрді дәріптеу бірінші кезекке қойылған байқау осылай деп аталады. Алғашқы сайыста Шымкенттің 7 отбасы бақ сынады. Бас жүлде – Мелдехановтар шаңырағында.

Әйел – үйдегі ырысың, ұл – айбарлы қылышың, қыз – түздегі өрісің, келін – кеңейген тынысың».  Қазақ халқы ықылым заманнан бері отбасы құндылығын жоғары қойған. Елбасының бастамасымен қолға алынған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық деңгейдегі жалғасы ерекше қызды. Шымшаһардағы 4 ауданның тұрғындары қатысты.

Сейдахмет Байдәулетов, қазылар алқасының төрағасы:

Бұл байқау негізінен қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Әр ауданнан екі үміткер қатысады....

Үсенбековтер отбасының мақтанышы да, ақылшысы да жасы жүзді алқымдаған Ұлбала әже. Талай нәубетті бастан кешкен көнекөз қария әлі тың. Бүгінгі байқауда әжей жүннен жіп иірді.  Әуелете ән салды. Ал, Ұлбала әженің кіндігінен тараған жалғыз ұлы Өмірбек бүгінде асыл жары Роза екеуі 4 ұл-қыз тәрбиелеп, олардан 13 немере сүйіп отыр.

Жанұя мүшелерінің саны жағынан өзге қарсыластарын шаң қаптырған үміткерлердің бірі - Абдуллаевтар отбасы. Теміржолшылар династиясына айналған отбасының бұл саладағы жалпылай алғандағы еңбек өтілі 400 жылға ұласқан.

Шаттығы тасыған шаңырақ иесі – тоқсан бестегі  Жұман қария. Соғыс ардагері. Қазыналы қарт сахнада ұлағатты әңгіме өрбітіп, бірқатар сауалдарға әзілмен  жауап берді.

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі. Елін, жерін сүйетін азаматты қалыптастыратын орта ол – қазақтың қара шаңырағы. Себебі, Отан – отбасынан басталатынын ескерсек, мұндай байқаудың маңыздылығы жоғары.

 "Қазақстан-Шымкент" телеарнасы

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар