Отырар ауданы - «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫ»

/uploads/thumbnail/20170708194956239_small.jpg

Жаңа оқу жылы жақындағанда республика көлемінде «Мектепке жол» акциясы дәстүр бойынша өткізіліп келеді. Биыл да аталған акция ау-данымызда өз дәрежесінде өтті. Аудандық «Жастар сарайында» өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары П.Жаппарқұлов бастаған әкімдіктің дербес бөлім басшылары, мектеп директорлары, демеушілер, ардагерлер мен түрлі ұйым қызметкерлері қатысты. Қамқорлық акциясының мақсаты-балалардың жазғы демалыстан кейінгі жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күй, жаңа қарқын, білімге деген құштарлығы мен асыға күткен алтын ұя мектебіне сағыныш сезімін ұялату болатын. Жиынды аудан әкімінің орынбасары П.Жаппарқұлов ашып, бұл акция 1-қыркүйек пен 30-қыркүйекке дейін жалғасын табатындығын жеткізіп, алда келе жатқан «Білім күні» мерекесімен құттықтап, Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Аружан Қалтайға мектепке қажетті киімдері мен оқу құралдарын табыс етті. Биыл аталған акцияның арқасында ауданымыздағы аз қамтылған көпбалалы отбасыларынан 196 бала оқуға қажетті киім-кешектер мен оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Акция соңы мектеп оқушыларының әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласып, игі іс-шара ұйымдастырып, демеушілік көрсеткен аға-апала-рына шексіз алғыс білдірген оқушылардың жүзіне қуаныш ұялады.

Ш.ҚОЖАН

 «Қамшы» сілтейді

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар