1-қыркүйек-«Білім күні» мерекесі барлық мектептерде салтанатты түрде өтіп, алғашқы қоңырау үні сыңғырлады. Аудан әкімі «Білім күні» мерекесімен құттықтау үшін атбасын Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясына бұрды. Еліміздің Әнұранымен басталған салтанатты жиынға ҚР-ның Туы мен мектеп -гимназияның туы әкелінді. Өткенді саралап, болашаққа барлау жасау мақсатында сөз алған аталған білім ордасының басшысы Х.Қылышбаева баяндама жасап, ұстаздар мен оқушыларды бүгінгі мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Мерекеге арнайы келген аудан әкімі С.Полатов шәкірттер мен жиылған көпшілікті білім саласындағы соңғы өзгерістермен таныстырып, өзінің жүрекжарды тілектерін жеткізіді. Салтанат үстінде құрметті қонақтар, ардагер ұстаздар, үздік оқушылар мектеп табалдырығын жаңадан аттаған 1-сынып оқушыларына Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Менің Отаным-Қазақстан» атты кітабын сыйға тартты. Білікті ұстаз А.Мейірманова жетекшілік ететін 1-сынып бүлдіршіндері тақпақтарын айтса, 11-сынып оқушысы Қаршыға Әлжан ыстық лебізін білдіріп, өзінің құрбы-құрдастарын білімді болуға шақырады. Жаңа оқу жылындағы алғашқы қоңырау соғу құрметіне 1-сынып оқушысы Қарақат Базарбек пен 11-сынып оқушысы Серікбай Әбдіхан ие болды. Мектеп өміріндегі ерекше жиын салтанатты жағдайда жабылып, оқушылар бір-бірімен қауышып, сыныптарына сағыныш сезіммен қадам басты. * * * «Білім күні» мерекесін Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің ұжымы да салтанатты жағдайда атап өтті. Алғашқы сөзді мектеп-лицейдің директоры Т.Сәрсенбаев алып, өткен оқу жылындағы жеткен жетістіктерге тоқтала келе, алдағы уақытта осы тұрғыдан таймай жұмыс жасау керектігін тілге тиек етті. Мерекелік жиында сөз алған аудан әкімі С.Полатов, Шәуілдір ауылдық Ардагерлер кеңесінің және мектептегі Ата-аналар комитетінің төрағасы М.Темірбековтер жылы лебіздерін білдіріп, оқушыларға оқуда озат болуларын тіледі. Үздік оқушылар атынан 11-сынып оқушысы Сабина Жүні-сова сөз алып, «Білім күні» меркесімен салтанатқа қатысушы қауымды құттықтады. Жиын барысында әуелеген әндер шырқалып, 1-сынып бүлдіршіндері өлең-жырдан шашу шашты. Шаттықтың үніндей мәңгілік, Соғылсын, қоңырау соғылсын. Қуаныш әніндей жаңғырып, Жүректер ақ нұрға шомылсын,- деп ақын жырлағандай, алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар қуанышты жүзде сыныптарына бет алды. * * * Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков атындағы жалпы орта лицей-интернатында алғашқы қоңырау соғылды. Мұнтаздай тап-таза киінген оқушылар сап түзеп, мектеп алдына жиналған соң лицей-интернат директоры Әділхан Әріпбеков баяндама жасап, жаңа оқу жылымен құттықтады. Құрметті қонақтар арасында Шәуілдір ауыл округі әкімдігінің бас маманы С.Айжарықов, ұлағатты ұстаз, зейнеткер А.Ордабаев, жеке кәсіпкер А.Асанов, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы мұражай директоры Т.Әбікеев және осы жолдардың авторы қатысты. Аудандық Білім бөлімінің басшысы Ж.Мұсатаева: -Биылғы оқу жылы ерекше серпіліспен, ерекше танымдық тәрбиемен басталғалы тұр. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы контек-сінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын білім беру үрдісіне енгізу мақсатында арнайы әдістемелік ұсыныстар әзірленіп жатыр.Бұл оқушылардың жан-жақты сауатты болуына, өз елінің патриоты, дамыған тұлға болып шығуына негіз болады. Бүгін тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге сабақта алғыр, қоғамдық жұмыстарда белсенді болуларыңа тілектеспін,-деп сөзін түйіндеді. Жиын кезінде әндер шырқалып, тақпақтар айтылды. Салтанатты жиын соңында мемлекеттік Әнұранның әуеніне қосылған оқушылардың қуаныш-тарында шек болмады. Төпен ӘМІРБЕК. Шолпан ДҮТБАЕВА. Райхан ДОДАБАЕВА. Алтын күздің алғашқы күнінде кең көлемде атап өтілетін «Білім күні» мерекесі, жаңа оқу жылының басталуы біздің «Көкмардан» жалпы орта мектебінде де салтанатты жағдайда атап өтілді. Мектептің 11-сыныбының оқушылары ре¬тінде үлкен үміттермен қадам басып отырған Қазына Маханбет пен Бақ¬тияр Момындардың шебер жүргізулерімен өткізілген салтанатта биылғы ту ұстау құрметіне Сырым Тұрлыбек, Айдана Әлмахан мен Ақтолқын Махановалар ие болса, білім ордасының білікті басшысы Ғани Әметбеков өткен оқу жылындағы жетістіктерді, алдағы ауқымды міндеттерді әсерлі әңгімесіне арқау етті. Әуелеген ән мен мың бұрала билеген билермен жиналған жұртшылықты баурап алған «Білім күні» мерекесінде аудандық Білім бөлімінің жауапты қызметкері Серғазы Ырысбай, Талапты ауыл ок¬ругінің әкімі Қамбархан Сержанов, мектепке әрдайым демеушілік жасап жүретін иманды аза¬мат, аудандық Мәслихаттың депутаты Құттыбек Нұрқұлов пен ауылдың абыройлы қариялары, ауда¬нымыздың Құрметті азаматтары Нұрмахан Тас¬бо¬латов, Абылай Бейсенбиев ағаларымыз өздерінің жүрекжарды ыстық лебіздерін ортаға салып, ұс¬таздар мен шәкірттерге жаңа оқу жылында да та¬быстарға жете беріңіздер деген тілектерін біл¬дірісті. Барлық жарасымды сән-салтанатымен аталып өтілген қуанышты мерекеде 11-сыныптың үздік оқу¬шылары Нұрсәулет Байкенже, Салтанат Жанәділ мен Теңгеш Көшербайлармен бірге 1-сыныпта са¬палы білім, саналы тәлім-тәрбие алу жолында мектеп есігін ашып отырған Санжар Зұлқарнай, Зере Нұран және Айбек Қошқарбайлар жаңа оқу жы¬лындағы алғашқы қоңырау соғу салтанатында мерекеге келген қонақтар мен ұстаздарын қуанышқа кенелтті. Ұстаз ретінде жаңа оқу жылында тың табыстарға жете беру жолында әріптестерім мен шәкірттеріме сәттіліктер тілей беремін. Перизат ҚҰТТЫБАЕВА, «Көкмардан» жалпы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Пікір қалдыру