Тараздық шенеуніктер 10 батарейканы 9 миллион теңгеге сатып алмақ болған, деп хабарлады Zhambylnews сайты.
Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы кішкентай батареяны 901 700 мың теңгеге бағалап, 10 батареяны сатып алуға 9 миллион 17 мың теңге бөлген.
Департаменттің ұсыныс хатынан кейін бағалар қайта қаралып, батареяның әр данасы 300 теңгеден сатып алынған..
Білім бөлімі де компьютерлер үшін 300 мың теңгенің орнына бір данасын 380 мың теңгеге алмақ болған.
– Жоспарды оңтайландырғаннан кейін 16 миллион теңге үнемделді, – дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысының орынбасары Равиль Төлебаев.
Пікір қалдыру