Мерейлі отбасы» республикалық байқауы аясында өткізілген «Отбасы – отанымыздың тірегі» атты мерекелік шара

/uploads/thumbnail/20170708194958103_small.jpg

Сайрам аймағы бойынша ауданаралық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасы Сайрам аудандық  ішкі саясат  бөлімімен бірлесе отбасы күні қарсаңында  Ақсукент көпсалалы колледжінде «Отбасы – отанымыздың  тірегі» тақырыбында мерекелік  іс-шара өткізді. Бұл туралы «Қамшы» порталы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам аудандық әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оған «Нұр Отан» партиясы Сайрам аудандық филиалы мен ХҚКО және «Жастар орталығы» мекемесінің жауапты және лауазымды тұлғалары қатысты.  Іс-шара барысында «Халид-Салар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ф.Байзақова отбасы құндылығын насихаттау, отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және отбасы-неке қарым-қатынастары жөнінде  баяндама жасаса, колледждің Жастар ұйымының төрағасы Б.Аслан  жастар мәселесі туралы хабарламалар жасап, тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шараның соңы  концерттік бағдарламаға ұласып, «Халид-Салар» қоғамдық бірлестігімен  арнайы шақыртылған көркемөнерпаздар өз өнерлерін көрсетті.

Іс-шараның мақсаты – Елбасының бастамасымен өткізіліп жатқан республикалық «Мерейлі отбасы» конкурсын насихаттау және жастарды отансүйгіштік пен патриоттық сезімге баулу.

 «Қамшы» сілтейді

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар