Жақында Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында отбасы күніне орай аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Берік отбасы-ел берекесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл туралы «Қамшы» порталы ОҚО, Созақ аудандық әкімшілігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Ондағы ақпараттарға сүйенсек, Созақ аудандық кітапханасында өткен дөңгелек үстелге зиялық қауым өкілдерімен қатар, жас буынның да өкілдері қатысқан.
Айта кетейік, мерекелік шараға Құлыншақ Кемелұлы атындағы шығармашылық бірлістігінің төрағасы М.Асқаров, мүшелері М.Қарғабай, Б.Саржан және мектеп ұстаздары, әжелер кеңесінің мүшелері қатысты. «Аташым-берекем», «Әже үйдің шырығы» «Әке –асқар тау», Анашым ардағым», «Ағаның орны», «Асыл женге», «Сырғалым», тақырыптарында ұлт тақырып, ұрпақ тәрбиесі тақырыбында өнегелі әңгімелер, көрнекті ойлар ортаға салынды. Ескерте кетейік, sozak.gov.kz сайтының жазуынша, Қазақстанның түкпір-түкпірінде «Отбасы» күніне орай түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылуда. Осы мереке қарсаңында созақтықтар, әдемі рухани отырыс, дөңгелек үстел ұйымдастырған.
Сондай-ақ, кітапхана қызметкері Сәуле Бораншиева кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптарға шолу жасап, отбасы тақырыбындағы әңгімелермен мақаларға шолу жасады. Шараны кітапхана қызметкері Гүлнар Өмірбек жүргізіп отырды.
Біржан Жандәулетов
Пікір қалдыру