Қытайдың жүзден астам соғыс ұшағы Тайваньның шабуылдан қорғаныс аймағына басып кергені хабарланды. Бұл туралы BBC жазды.
Ақпараттар бойынша, жалпы саны 150 ұшақ Тайваньның қорғаныс аймағына жіберілген. Оған қарсы Тайваньның зымыран жүйесі әскери дайындыққа көшті.
Кейбір сарапшылардың пікіріне сәйкес, бұл рейстер Тайваньның ұлттық мереке күні қарсаңындағы президентке жасалған ескерту.
Бейжің Тайваньды өзінің бір провинциясы деп санайды.
Алайда, демократиялық Тайвань өзін егеменді мемлекет ретінде көреді.
Тайвань бір жылдан астам уақыт бойы Қытай әуе күштері өздерінің әуе кеңістігіне кіргені туралы айтып келеді.
Пікір қалдыру