"Мен оны түрмеге отырғызамын". Соққыға жығылған сот орындаушы видеоүндеу жолдады

/image/2021/10/05/crop-15_15_427x759_photo_375967.jpeg

Алматыдағы жанжал кезінде зардап шеккен сот орындаушысы видеоүндеу жариялады. Ол өзіне шабуыл жасаған адамды қаматқысы келетінін айтады.

Видео Instagram-дағы ZTB парақшасында жарияланды.

– Бәрі жақсы. Аман-есенмін. Бауырымнан ұрды деп ойлап ем, соққы өкпеме тиген екен. Тынысым тарылды, дем ала алмадым. Қазір есімді жиып, өз-өзіме келдім. Қазір бәрі жақсы. Мен оны түрмеге отырғызамын, – деді сот орындаушысы. 

Бұған дейін Алматыда жеке сот орындаушысы Әділ Ермеков қызмет барысында соққыға жығылып, оған кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың қатысы бар деген ақпарат шыққан.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан сот орындаушысы өз міндетін атқару кезінде бауыр тұсынан ауыр соққы алып, жан ұшыра айғайлап, жерге домалай кеткенін көруге болады. Аталған дерек бойынша сот орындаушысы қылмыстық іс қозғау туралы тиісті арыз жазған.

Жанқош Тұраров оқиға орнында болғанын, бірақ ешкімді ұрмағанын жеткізеді.

 
 
 
View this post on Instagram
 
 
 

Публикация от ??© ZTB QAZAQSTAN 2021 (@ztb_video)

 

 

 
 
 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар