"Жаңбыр, қар, көктайғақ". Қазгидромет алдағы ауа-райы болжамын жариялады

/image/2021/10/06/crop-363_4_618x825_article_54269.jpg

Қазгидромет 7-9 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктер алдағы үш күнде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы жоғарылайтынын айтады.

Солтүстік-батыс антициклонның әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, күн ашық болады. Тек шығыс пен оңтүстіктегі ауа райы циклонның кетуіне байланысты жаңбырлы, қарлы болады деп күтіледі.

7 қазан күні елдің шығысында қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыста және орталықта — көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі, батыста — шаң соғады. Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура  10-18-ге дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта 8-15-ке дейін, оңтүстік аймақтарда 15-20-ға дейін жоғарылайды.



Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар