Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада коронавирустың жаңа толқыны болуы ықтимал екенін ескертті. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлімдеді.
– Батыс Еуропада, Америка континенті және Азия континентінде жаңа мутациядан өткен штаммдар анықталуда. Соған байланысты жаңа толқындар басталуда. Әр елде жаңа мутациядан өткен штаммдар анықталған. Оның ішінде бүкіл әлемді алаңдатып отырған "Дельта" штаммы. Ол бір елдерге ерте, бір елге кеш келеді, – деді бас санитар дәрігер.
Бекшин коронавирустың үшінші толқыны көктемде өткенін атап өтті. Айтуынша, қазір біз төртінші толқыннан шықтық.
– Келешекте мынадай толқын деңгейінде дейтін аурудың көбеюі мүмкін емес. Ауа райының салқындауына байланысты ауру шамалы көтерілуі мүмкін. Себебі қазір көп тұрғындар жабық ғимараттарға көшіп жатыр. Оның ішінде балалар, студенттер, оқушылар, қоғамдық коллективтегілер кірісуде. Сондықтан біз оқушыларға және студенттерге қатаң тексеріс жүргізіп жатырмыз. Бұл мәселе бізде қатаң бақылауда тұр, – деп айтты Жандарбек Бекшин.
Пікір қалдыру