Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – ассамблея хатшылығының меңгерушісі Қалмұратов Мұратәлі Оразалыұлының тапсырмасына сәйкес, Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қаламыздағы №17 колледждің акт залында «Оңтүстік – достық мекені» жобасы аясында өзге ұлт өкілдері мен жастардың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Исмайлов Сеидулла Кеңесбайұлы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби ауданы бойынша филиалының басшысы Мұсабеков Абылай Нұржанұлы, облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің «Жастар қанатының» мүшесі Шерметов Нарзулла Файзуллаұлы қатысып, тақырып аясында баяндамалар жасады.
Кездесуге қаламыздағы этномәдени орталықтың өкілдері, жастар, студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында еліміздегі ішкі саяси тұрақтылық пен ынтымақ бірлікті қалыптастыру, достық қарым-қатынасты нығайту, кемел болашақты дамытуға үндеді.
Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында жер-жерлерде атқарылып отырған игі істер мен еліміздің жеткен жетістіктері, алдағы атқарылар істерде бірлесе жұмыс атқаруға жастарды шақырды.
Кездесуге қатысушылар тарапынан сұрақтар мен ұсыныс пікірлер айтылып, тұщымды жауаптар берілді.
Кездесу соңында естелікке суретке түсіп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары ақпараттық қолдаулар көрсетті.
«Қамшы» сілтейді
Пікір қалдыру