Автобус жүргізушілерінің арасында туберкулезбен ауыратындары болған

/uploads/thumbnail/20170708195022271_small.jpg

Ақтөбе қаласындағы қоғамдық көлік жүргізушілерінің арасында туберкулезге шалдыққандары болған. Бұл жайында облыстық прокуратураның алқалы жиынында айтылған. «Қамшы» порталы Нұр. кз-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

“Жүргізушілердің көбі күніне жоспардан қалып кеткен ақшаны шығару үшін 12-15  сағат жұмыс істеген. Біз тексеру жүргізу үшін көптеген мамандарды тарттық. Мұндай жүктемемен жұмыс істеу жүйке жүйесіне кері әсерін тигізіп, соңы қайғылы оқиғалармен аяқталуы мүмкін. Автобус жүргізушілерінің арасында тубдиспансер мен наркодиспансерде тіркеуде тұрғандары бар екені анықталды. 52 жүргізушінің жолаушыларды тасымалдауға рұқсат беретін құжаты болмаған. Рейд барысында заңсыз такси қызметімен айналысқан 39 көлік анықталса, жүзге жуық автобустың техникалық байқаудан өтпегені мәлім болып отыр”, – дейді прокурор.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар