Өткен жарты жылдықтың қорытындысы бойынша мемлекеттік кірістер жоспары артығымен орындалған

/image/2021/10/12/crop-0_69_288x512_whatsapp-image-2021-10-12-at-12.43.00.jpeg

Өңірімізде өткен жарты жылдықтың қорытындысы бойынша мемлекеттік кірістер жоспары артығымен орындалған. Бір ғана Әл-Фараби ауданында межеленген Мемлекеттік бюджет жоспары 107 пайызға тоқталып, есепті мерзімде бюджетке 1 миллион 914 мың теңге артық қамтамасыз етілді.

Осы және өзге де мәселелер Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 2021 жылдың 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндалған брифингте мәлім болды.

Мамандар, Шымкент мегаполис атанғалы кірістер көзі ұлғайғанын айтады. Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 7401 заңды тұлғалар, 186 223 жеке тұлғалар тіркелген. Жауаптылар, жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін төлем жүргізуді еске салады. Мерзімінде төленбеген жағдайда, Салық кодексінің 128 бабының негізінде жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығы шығарып, мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушыларына жіберіледі.

Сондай-ақ, бюджет алдында 1 теңге қарызыңыз болған жағдайда банктік есеп шоттарыңыз арқылы қаржылық операцияларды жүргізу, ақша шешу, банктік есеп шот ашу, депозит шоттарын ашу, тауарларды бөліп төлеу арқылы сатып алу, тұтынушылық несилер рәсімдеу және тағы да сол сияқты операциялар жүргізе алмайтындығын ескертеді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар