Жергілікті билік пен Төтеншеліктер үй-үйлерді аралап уланудың алдын алу шараларын түсіндіріп жатыр. Сондай шараның бірі қайнарбұлақ саяжайында жалғасты. Құтқарушылар аз қамтылған отбасылардың үйлерін аралап, пештердің мұржаларын тазалап берді. Тіпті кейбіріне дабыл қаққыш орнатты.
Төтеншеліктер әр үйге жеке жеке кіріп пеш мұржаларының тазалығы мен жылыту қазандықтарының қауіпсіздігін тексеріп шықты. Аз қамтылған отбасылар мен асыраушысы жоқ жанұларға қолдан келген көмек жасап мұржаларын тазалап берді.
Күн салқын түсісімен жұрт пеш эағып кейбірі электр жылытқыштарын пайдаланады. Жаз бойы қараусыз тұрған пеш бықсып жанбай қалуы мүмкін. Оның соңы улы газдан иістенуге соқтырады. Сондықтан қауіптің алдын алған жөн, дейді құтқарушылар.
Жалпы өткен жылыту маусымында жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесінде қала аумағында иіс тиіп улану жағдайы біршама азайған. дегенмен оған тоқмейілсуге болмайды, дейді төтеншеліктер. Қайнарбұлақ саяжайлары аумағында әлеуметтік аз қамтылған 20 дан аса отбасы бар. Салаға жауаптылар тұрғындардың жылыту құралдарының құбырларын тазалап, қажет болған жағдайда пештерін жөндеп беруге дайын екендерін жеткізді.
Айта кетейік ағымдағы жылдың сегіз айында Қаратау ауданының аумағында 30 өрт тіркелсе оның 7-і Қайнар бұлақ аумағында орын алған.
Пікір қалдыру