Ішкі ақша айналымында 20 және 50 мың теңгелік купюралар пайда болмайды.Ұлттық банкі 20 және 50 мың теңгелік купюраларды айналымға шығару мәселесін қарастырған емес. Сондықтан теңгенің құнсыздануына байланысты жаңа купюралар пайда болады деген қауесетке сенудің қажеті жоқ. Бұл туралы «Қамшы» порталы Нұр. кз-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі жаңа ақша белгілерін шығару туралы шешімді қолма-қол ақша айналымындағы қажеттілікке байланысты қабылдайды. Қазірде қолда бар банкноталардың нақты тізімі Қазақстан Республикасындағы қолма-қол ақша айналымының қажеттіліктерін қанағаттандыруға толықтай жетеді. Осыған байланысты, қазіргі уақытта 20 000 және 50 000 теңгелік банкнотаны айналымға шығару жоспарда жоқ.
Пікір қалдыру