Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей мен Өскемендегі полицейлерге коронавирусқа қарсы екпе салдырмаған тұрғындар туралы ақпарат беруді тапсырды.
– Сәрсенбі күні сіздер маған толық ақпарат берулеріңіз керек. Өскемен мен Семейде учаскелік полицейлер пәтерлерді аралап, вакцина салғызбаған азаматтарды анықтауға тиіс. Полиция департаменті бұл жұмысты жүргізіп жатыр деп үміттенемін, – деді Даниал Ахметов.
Оның айтуынша коронавирустың алдын алу және оның таралуына жол бермеуде вакциналау жалғыз тиімді жол. Республика бойынша Шығыс Қазақстан жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Халықтың 48,7 пайызы екпе алған.
– Көрші елдерде қазір қалыптасқан жағдай алаңдатып отыр. Сондықтан профилактикалық, аналитикалық жұмыстар мен вакциналау науқанына құқық қорғау органдарын жұмылдырудың маңызы зор, – деді ол.
Пікір қалдыру