Денсаулық сақтау министрлігі 13 қазандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
Кеше 1985 адамнан ПТР тест арқылы коронавирус, 99 адамнан пневмония анықталған. 31 адам коронавирустан, 8 адам пневмониядан қайтыс болған.
Елде коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткендердің жалпы саны 910 832 адамға жетті. Оның ішінде 11 644 адам көз жұмған. 77 533 адам пневмония жұқтырып, 4939 адам қайтыс болған.
14 қазандағы мәлімет бойынша, 53 289 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 9 150 пациент стационарда, 44 139 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында 669 адамның жағдайы ауыр, 194 пациенттің жағдайы өте ауыр, 130 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
14 қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 7 947 201 адам, II компонентін 7 022 361 адам салдырған.
Пікір қалдыру