Тараз маңында тағы да жарылыс болды

/image/2021/10/14/crop-188_1_712x949_maxresdefault.jpg

Жамбыл облысының тұрғындары әлеуметтік желілерде сағат 11.30 шамасында Сарыкемер ауылының маңындағы оқ-дәрілер қоймасында екі жарылыс болғанын хабарлап жатыр.

Әзірге мемлекеттік органдар ақпаратқа байланысты пікір білдірмеген. Тек Kris.p.taraz паблигінде жаралыс миналарды басқа жаққа көшіруге байланысты жасалып жатқаны туралы ақпарат жарияланған.

"Әскери бөлімдегі жинақталған миналарды тауға көшіріп, арнайы дайындалған орнында бақылаулы жарылыстар болады. 12 және 13 қазанда сағат 11.00, 12.00 және 16.00 - де жару жұмыстары әскерилермен бірге жүргізіледі" делінген хабарламада.

10 қазанда қорғаныс министрлігі Сарыкемер ауылы маңында жарылыстар болуы мүмкін екеніңн ескерткен. Ол кезде Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртеніп, жарылыс болғаны айтылған.

"Алдағы уақытта да бұндай жағдайлар орын алу мүмкін. Одан  бөлек, қойма аумағында қауіпті оқ-дәрілердің бақыланатын жарылыстары жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта а.ж. 26 тамызында өртенген қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жалғасуда" делінген ақпараттық хабарламада.

Бұған дейін 26 тамызда Жамбыл облысындағы әскери қоймада бірнеше жарылыс болып, соның салдарынан 17 адам қаза тауып, әскери бөлім маңындағы Қайнар ауылындағы үйлер ғимараттар бүлінген.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар