Париж мэрі Анна Идальго социалистік партияның атынан Франция президенттігіне үміткер болды. Бейсенбі күні кешке өткен партиялық дауыс беру нәтижелері солай көрсетті.
62 жастағы саясаткер Францияның бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі мен Ле-Ман қаласының мэрі Стефан Ле Фолльді жеңіп, президенттікке үміткер атанды.
Бейсенбі күнгі партия конференциясында сөйлеген сөзінде Идальго экологиялық және әлеуметтік мәселелерге баса назар аударды.
Ол барлық француз әйелдерінің дауысын алатынын айтты.
Идальго өткен жылы Париж мэрі қызметі үшін қайта сайлауда жеңіске жетіп, өзінің қызметінде климаттың өзгеруіне қарсы саясаттарымен танымал болған.
Мэрдің автокөліктерді Парижден шығаруға тырысқан саясаттары дау тудырған.
Ол бүкіл қала бойынша сағатына 30 шақырым жылдамдық шектеуін енгізген және 2015 жылдан бері Париждің веложолдар желісін екі есеге арттырған.
Франциядағы президент сайлауы 2022 жылдың сәуіріне жоспарланған.
Пікір қалдыру