Алматы әуежайының ұшу-қону жолағында ұшақ көлікпен соқтығысты, деп хабарлады транспорттағы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Департаментінің хабарлауынша, оқиға бүгін 22 қазанда болған.
Әлеуметтік желілерде Алматы халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында болған оқиғаның видеосы жарияланды. Кадрлардан көлік ұшақ қанатының астында қалып қойғанын көруге болады.
Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 1-бөлігі ("Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін және әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу") бойынша соталды тергеу басталды.
"Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР қылмыстық-процессуалды кодексінің 201 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жарияланбайды" делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру