Шымкентте қаламыздың басты спорттық жарысына айналған «Shymkent Marathon 2021» спорттық іс-шара өтті. Салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау мақсатындағы бұл шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр.
Мегаполисте осымен бесінші жыл ұйымдастырылып отырған жүгіру марафонына Шымкент қаласының тұрғындарымен бірге Қазақстанның 30 қаласынан келген спортшылар және әуесқойлар қатысты.
Жарысқа «Ashyq» жүйесінде тіркеуден өткен қатысушылар жіберілді.
Старт «Наурыз» алаңынан басталып, Бәйдібек би және Төлеметов көшесімен өтіп, Алматы А2 трассасына дейінгі бағытты алды. Мәре «Наурыз» алаңы болды.
Қатысушылар 42, 21, 10 және 5 км қашықтықта жүгіріп өтті.
Марафонға қатысушыларды қала әкімінің орынбасары М.Исахов құттықтап, адамның дені сау болуы үшін салауатты өмір салтын ұстану қажет екенін айтты.
Жарыстың жалпы жүлде қоры 7 миллион теңге.
Пікір қалдыру