Шымкентте тұрғын үй құрылысы 11,4 пайызға артты

/image/2021/10/22/crop-15_56_697x1239_whatsapp-image-2021-10-14-at-18.26.54.jpeg

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг барысында қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мүлкеманов хабарлады.

Спикердің хабарлауынша, 2021 жылдың 9 айында қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде  оң өзгерістер байқалған.

Атап айтқанда, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібі - 5,0 пайызға, ауыл-шаруашылығы 1,6 пайызға, құрылыс көлемі 7,7 пайызға, тұрғын үй құрылысы 11,4 пайызға, сауда 6,8 пайызға, көлік саласы 4 пайызға, жекеменшік инвестиция көлемі 71,4 пайызға артқан. Негізгі көрсеткіштердің даму қарқынына сәйкес, Шымкент қаласы Республикамыздың өңірлері бойынша 6 орынға орналасқан.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар