Қазгидромет 28-30 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктер алдағы үш күнде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейіп, елдің солтүстік және орталық аудандарында бұрқасын мен көктайғақ болатынын айтады.
Нұр-Сұлтанда 28-29 қазанда күн бұлтты, түнде -3°C, күндіз +6°C жылы болады. 30 қазанда қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасы түнде +2, күндіз +4°C көрсетеді.
Алматыда 28 қазанда күн бұлтты, түнде +6°C, күндіз +13°C жылылықты көрсетеді. 29-30 қазанда жаңбыр жауады түнде +6°C, күндіз +11°C жылы болады.
Шымкентте 28-29 қазанда жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде +6, күндіз +11°C көрсетеді. 30 қазанда күн ашық түнде +2°C, күндіз +15°C күтілуде.
Ал 28-29 қазанда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады. Сондай-ақ республика бойынша тұман түседі деп күтіледі.
Батыста ауа температурасы түнде +6°C, күндіз 15°C болады.
Солтүстік-батыста түнде -8°C, күндіз +8°C болуы мүмкін.
Орталықта түнде ауа температурасы -10°C-тан жоғары, күндіз -10°C-қа дейін құбылады.
Шығыста түнде -7°C күндіз, түнде -15°C күтілуде.
Оңтүстікте түнде +8°C шамасында, күндіз +15°C жылы болады.
Оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы төмендейді күндіз 10-18°C-тан 7-15°C аралығында құбылады.
Пікір қалдыру