Анкара. Түркия президенті Тайып Ердоған жұма күні түрік әскерінің 30-дан аса күрд бүлікшілерін талқандағанын мәлімдеді. Бұл туралы «Қамшы» порталы thestar.com-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Бүгін, Ердоған президенттік сарайда ауыл әкімдерінің алдында баяндама жасады. Бірақ орын алған оқиғаның мақсаты неде екенін айтпай кетті. Бүлікшілердің Күрд жұмысшылар партиясының (КЖП) өкілдері екені анықталды. Олар Түркияның оңтүстік-шығысындағы шілдеде болған күрд шабуылы тоқтатылғаннан кейін, Ирактың солтүстігіндегі тауларда орныққан екен.
«30-дан аса террорист өлтірілді», - деді Ердоған. Мұның мемлекет іші менен сыртындағы қауіпсіздік операциясының жалғасы екендігін қоса айтты. «Қауіпсіздендірумен қатар, әзірге осы іспетті жағдаяттар жалғасын табуы мүмкін, бірақ бұл – олардың соңғы күресі екенін біліп жүріңіздер», - деді ол.
Сейсенбі күні Хаккари оңтүстік-шығыс провинциясында қолдан жасалған жарылғыш құралдан екі қарулы әскери қызметші өлтіріліп, үшеуі жараланған. Бұл туралы ақпарат берілген арызда шабуылдың КЖП тарапына кінә тағылған. Шабуылдан зардап шеккен қарулы әскер қызметшілері тағы бір бомбаны қауіпсіздендіру үшін саперлар тобына көмекке жіберілген қосымша жәрдем-күш болғаны анықталған.
Қарулы түрік әскері бүлікшілерге қарсы операцияларды сейсенбі күні бастаған. Батман провинциясында жол астында орналасқан бомбаның үстімен жүріп өткен полиция көлігі жарылған екен. Сенімді ақпарат көздеріне сүйенсек, салдарынан бір полиция қызметкері өлім құшып, сегіз адам жараланған.
Айта кетейік, 1990 жылы күшейе бастаған күрд шабуылдарынан кейін, Ердоған қарсы жақпен бітімгершілік процесін жасауға бет алған болатын. Бірақ, соңғы орын алған оқиғалар екі жақтың ортадағы бейбітшілік келісімінің бұзылуына алып келді. Салдарынан жүзден аса қауіпсіздік қызметкері және жүздеген бүлікшілер қатары қаза тапты.
Ердоған КЖП-ға қарсы трансшекаралық операциялардың өте нәтижелі жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бірақ, сөзіне дәлел ретінде 2000 бүлікшінің өлтірілгенін келтіргеннен басқа, нақтырақ ақпарат беріп, тоқталмады.
Назгүл Назар
Пікір қалдыру