Мемлекет басшысының Жолдауында өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бұл көрсеткішке қол жеткізу мақсатында Шымкент қаласында ауқымды жұмыстар атқарылып келген.
Осының негізінде, биыл қаладағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жобаға сәйкес, бірнеше елдімекендерде құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындарға ауыз су беру уақыты да таяп қалды. Мәселен, Әл-Фараби ауданына қарасты Сауле шағын ауданынының жаңақұрылыс аумағында орналасқа 276 орамды ауыз сумен қамту құрылысы аяқталды.
Мердігер мекеме «АГАТ» тарапынан құрылыс жұмыстары 2021 жылдың маусым айында басталған болатын. Бүгінде 100 % ішкі орамдық су жүйелері тартылды.
Қазіргі уақытта құбырларды жуып-шаю, дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аталған жұмыстар қараша айында аяқталып, бүгінгі күнге дейін ауыз суды кесте бойынша қолданып келген 276 орам тұрғындары толығымен үздіксіз сапалы ауыз су тұтынатын болады.
Пікір қалдыру