Шымкенттің іргесіндегі «Орманшы» тұрғын алабында «Алатау» аллеясы ашылды. Неше жылдан бері қоқыс үйіндісіне айналған аймақтың өңі кіріп қалды. Жергілікті тұрғындардың қуанышын бөлісіп қайтқан тілші әңгімесі.
Бұған дейін Алатау көшесі сұрықсыз кейіпте еді. Үйілген қоқыстан тазарту үшін Әнипа апаның сіңірген еңбегі көп. Неше жылдан бері табанынан таусылып, талай табалдырықты аттаған. Жергілікті билік өтінішін аяқсыз қалдырмапты. Қазір бұл аймақтың әрі кіріп қалды.
Өткен жылы басталған құрылыс ағымдағы жылдың қыркүйек айында толық аяқталды. «Кен Тау» ЖШС-і жауапкершілікті мойнына алған. Жоба құны 336млн теңге. Жалпы ауданы 5 га-ға жуық. Қазір мұнда спорт алаңдары, жарықтандыру бағаналары, қоқыс урналары орналастырылды.
Енді мұнда ағаштар отырғызылады. Сенбілік жұмыстарын ұйымдастыру жоспарда бар. Айта кетейік, Орманшы тұрғын алабында 6 мыңнан астам тұрғын бар.
Пікір қалдыру