Қаратау мен Абай аудандары санақтан өтуде көш басында

/image/2021/11/01/crop-23_183_723x963_21.jpg

Шымкентте 302 015 адам яғни, тұрғындардың 27,5 пайызы онлайн санақтан өткен. Бүгінге дейін дәстүрлі санақ барысында 404 666 азамат тіркеліп, жалпы қалада ұлттық санаққа қатысқан халықтың үлесі 64,3 пайызды құрады.

Қазір қалада 172 нұсқаушы-бақылаушы жəне 1 207 интервьюер үйлерді аралап, тікелей халық санағын өткізуде. Тұрғын үйлерге барған интервьюерлерде халық санағының логотипі бар куәлік, сөмке, мойын орағыш болуы міндетті. Науқан барысында олар қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндігі де қаралған.

Биыл 15 қазанда онлайн-санақ аяқталды. Интернет желісі арқылы жүргізілген санақ 1 қыркүйекте басталып, 45 күнге жалғасты. Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, онлайн-санақтан өткендер саны бойынша Қаратау және Абай аудандары жетекші орында.

Науқанның онлайн түрінен өтпеген азаматтар интервьюерлердің сауалдарына жауап бере отырып,дәстүрлі санақтан өтетін болады. Ұлттық халық санағы кезінде «1446» бірыңғай call-орталығы тәулік бойы жұмыс жасауда. Ақпарат орталығына қоңырау шалу тегін.

Ел үшін айрықша маңызды науқан қорытындысы қаланың экономикалық, демографиялық және әлеуметтік жағдайды көрсетеді. Алынған деректер барлық деңгейдегі бюджеттердің объективті қалыптасуына негіз болмақ.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар