2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Казақстан үкіметі белгілі бір уақыт аралығында шетелге мұнай өнімдерінің кейбір түрін тасымалдауға тыйым салғандығы жөнінде РИА Новости ақпараттық қызметі хабарлады.
Құжатта көрсетілгендей, бензин мен шаруашылыққа арналған жағармадан өзге жеңіл дистилляттар мен өззе өнімдер, керосин, газойды шетке тасымалдау алты ай мерзімге тоқтатылады. Мұндай шешім: "ішкі нарықтағы мұнай өнімдеріне бағаның тым асқақтап кетпеуі және олардың жетіспеушілігін болдырмау" мақсатында қабылданып отыр.
Қазақстанның экономика және қаржылық жоспарлау министрлігіне бұл жөнінде Евразиялық экономикалық комиссияны құлағдар ету тапсырылды. Өз кезегінде сыртқы істер министрлігіне Евразиялық экономикалық интеграциялық секретариат комитеті қоғамына Қазақстанда қабылданған сыртқы сауда істерін реттеу жөнінде қабылдаған шарасы туралы хабардар ету бұйырылды.
Пікір қалдыру