Кәсіподақ белсенді азаматтарды марапаттады

/image/2021/11/01/crop-28_14_282x375_454.jpg

Биыл елімізде Кәсіподақтар жылы. Сонымен қатар 10-шы қазан – Кәсіподақтар күні. Осыған орай шымкентте салтаннатты жиын өтті. Онда одақтың белсенді азаматтары марапатталды.

Салтанатты шара барысында Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірліестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев сөз сөйлеп, одаққа мүше азаматтарды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент филиалының төрағасы Ерқозы Батырбеков кәсіподақ мүшелерін мерекемен құттықтап, марапаттады.

Шарада ең үздік кәсіподақ ұйымына 250мың теңгелік қаржылай сыйақы, 10 кәсіподақ мүшесіне 50мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек, сондайқ-ақ, 2 кәсіподақ мүшесіне арнайы төсбелгі тағылды. Сонымен қатар 11 кәсіподақ мүшесіне құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент филиалының құрамында 31 бастауыш кәсіподақ ұйымы. 12 мыңға жуық кәсіподақ мүшесі бар.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар