ҚР кубогы бәсекесінде Шымкент қаласының спортшылары жеңімпаз атанды

/image/2021/11/01/crop-70_21_749x999_103908637200.jpg

Шымкент қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан ҚР Кубогының жекелей және топтық көпсайыс бойынша жеңімпаздары анықталды. Спорт шебері және спорт шеберлігіне кандидат спортшылар арасында өткен бәсекеде Шымкент қаласының командасы 1 алтын, 2 күміс жүлдеге ие болды.

Атап айтқанда, спорт шеберлігіне кандидат спортшылар арасында жекелей көпсайыста Шымкент қаласының өкілі Милана Парфилова1-ші орынды иеленді. Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.Топтық көпсайыста Шымкент қаласы спортшылары екінші орынға иелік етті.

Сондай-ақ, спорт шеберлері арасында топтық көпсайыс бойынша Шымкент қаласының құрамасы 2-ші орынды жеңіп алды. Ариадна Скворцова, Ұлжан Шалмұханбетова, Зере Әбдісадық, Еңлік Ержанқызы, Айсана Ұлықпанова және Виктория Борисова құрамы бұл жолы екінші орыннан көрінді.

Нұр-Сұлтан қаласы бірінші, Алматы қаласының спортшылары үшінші орынға ие болды.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар