Facebook Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмедтің жазбасын өшіріп тастады. Компания бұл әрекетін "ол зорлық-зомбылыққа қарсы әлеуметтік желі саясатын бұзды" деп түсіндірді.
Эфиопия премьер-министрі азаматтарды қару алуға шақырған. Ақпаратқа сәйкес ол "Тигрей Халықты Азат ету Майданы"(ТХАМ) деп аталатын көтерілісшілердің алға жылжуына тосқауыл қою үшін пост жариялаған.
Көтерілісшілер соңғы күндері негізгі қалаларды басып алып, үкімет күштеріне қарсы бір жыл бойы күрес жүргізді.
Кейбір аккаунттардың зорлық-зомбылықты тарату үшін Facebook-ты қолдануы жиі сыналады. Компания осындай жағдайларды тоқтату үшін өнімді жұмыс істей алмағандықтан айыптауларға тап болды.
Бас компаниясы Meta деп өзгертілген Facebook өкілі "Біз Эфиопия премьер-министрінің жазбасы туралы хабардар болдық және зорлық-зомбылықты қоздыруға, қолдауға қарсы саясатымызды бұзғаны үшін постты өшіріп тастадық. Meta-да (біреу) қауымдастық стандарттарын бұзса, жеке тұлғалардың немесе ұйымдардың кім екеніне қарамастан, жазбаны алып тастаймыз" деп мәлімдеді.
Өткен айда Facebook компаниясының ішкі құжаттары жаппай жарияланды. Онда Эфиопиядағы қарулы топтар этникалық азшылықтарға зорлық-зомбылық жасау үшін, сондай ақпараттарды тарату үшін Facebook платформасын пайдаланып жатқаны анықталды.
Қазан айында АҚШ Сенатында сөйлеген Фрэнсис Хауген компания АҚШ-тан тыс жерлерде өз қызмет саясаттарын дұрыс жүргізбегендіктен Эфиопия сияқты қақтығыс аймақтарында "этникалық зорлық-зомбылықты тудыруда" деп мәлімдеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Эфиопиядағы қақтығыстардан мыңдаған адам қаза тапқан, миллиондаған адам босқынға айналып, жүздеген мың адам ашаршылық жағдайына тап болды.
Соғыс өткен жылдың 4 қарашасында Эфиопияның премьер-министрі Аби Тиграйдағы аймақтық күштерге қарсы әскери шабуыл жасауға бұйрық берген кезде басталды.
ТХАМ террористік ұйым деп танылды, бірақ ұйым өздерін Тигрейдің заңды үкіметі екенін айтады.
Айта кетейік, жақында ғана Facebook өзінің корпоративтік атауын "Meta" деп өзгертті.
Кейбір сарапшылар Цукербергтың бұл қадамы назарды Facebook-тың айналасындағы жағымсыз оқиғалардан басқа жаққа аудару екенін айтады.
Пікір қалдыру