Шымкент әкімі М.Әйтенов Еңбекші ауданының қыс мезгіліне дайындық жұмыстарын пысықтады.
Қыста Еңбекші ауданы аумағын қардан тазалау жұмыстарын төрт мердігер («ЛТД Тұрмыс» ЖШС, «Бәйтерек Л.Б.» ЖШС, «Югдорсервис» ЖШС, «НұрТауСервис» ЖШС) мекеме жүргізеді.
Жалпы аудан аумағындағы орталық көшелердің ұзындығы 191 шақырым келетін 76 көшені қардан тазарту жұмыстары10 бағытқа бөлінген. Әр бағыт сызбасы дайындалып, көшелердің ұзындығы есептелген. Кезекші бригадалар жұмысқа дайын.
210 адамдық жұмысшы топ, 60 арнайы қар күреу, құм себу және аяқжолдарды тазалау техника белгіленген. Оның ішінде 46 техника қар тазалау және инертті материалдарды себуге арналған болса, 4 техника тиегіш (погрузчик), 10 техника самосвал бар.
-Қыс мезгілінде мектептерге баратын аяқжолдар әрі жарық, әрі бірінші кезекте қардан тазаруы қажет. Бұл жөнінде тиісті тапсырмалар берілді. Орындалуы өз бақылауымда болады - деді қала басшысы.
Пікір қалдыру