Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жұмыс кестесіне сәйкес бүгін "Көмешбұлақ" ауыз су магистралінің құрылысын қадағалады.
Биыл қаланың ауыз су инфрақұрылымын жетілдіруге 16 млрд теңге бағытталып, 3 магистралды, ауыз су тасымалына тәуелді 7 елді мекенге су жеткізу, кестемен берілетін 2 елді мекенде ішкі орамдық су жүйелерінің құрылыстары атқарылды. Нәтижесінде жыл соңына дейін 25 мың тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылып, қаланың жалпы қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан 98%-ға жететін болады.
Жалпы ұзындығы 4,48 шақырымды құрайтын жобаның құрылыс алаңында сала жетекшілерімен жұмыс жиынын өткізген Мұрат Дүйсенбекұлы, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында халықты ауыз сумен қамту бойынша нақты міндет қойғанына тоқталып, бұл салада 2023 жылға дейін қаланың ауыз сумен қамтылу көрсеткішін 100%-ға жеткізу межеленгенін айтты.
Атқарылған істердің сапасын айрықша бақылауда ұстауды, құрылыс нысандарын белгіленген мерзімдерінде аяқталуын қадағалауды тапсырды.
Пікір қалдыру