Жаңа қаулы. Вакцина салдырмағандар сауда орталықтарына кіргізілмейді

/image/2021/11/06/crop-202_9_1045x1394_154719074800.jpg

Нұр-Сұлтанда 8 қарашадан бастап сауда ойын-сауық орталықтарына енді жұмыс күндері де "жасыл" мәртебесі бар азаматтар ғана кіре алады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Талдау нәтижесі көрсеткендей, үй карантинін бұзушылардың ең көп саны дәл осы сауда ойын-сауық орталықтарында тіркелген. Сауда ойын-сауық орталықтары адамдар көп жиналатын және ұзақ уақыт болатын орын екенін ескере отырып, коронавирустық инфекцияның таралу қаупі артады.

"Осы жылдың 8 қарашасынан бастап қызметкерлер мен келушілерде тек "жасыл" мәртебесі болған жағдайда немесе теріс нәтижесі бар ПТР тесті болса және  соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар үшін жұмыс күндері және демалыс күндері сауда ойын сауық орталықтарына кіру қолжетімді болады" делінген хабарламада. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар