Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәжіліс отырысында алдағы уақытта полиция қызметкерлерінің жалақысы көтерілетінін айтты.
Министр бүгінде полицейлердің жалақысы құқық қорғау органдары арасында өте төмен екенін атап өтіп, жалақы 2019 жылдан бастап кезең-кезеңмен өсіп келе жатқанын жеткізді.
– 2023 жылға дейін біз қызметкерлердің жалақысын 50%-дан 90%-ға дейін көтеретін боламыз. Мәселен, сержанттың жалақысы 81 мыңнан 101 мың теңгеге дейін, лейтенанттың жалақысы 130 мыңнан 174 мың теңгеге дейін өседі, – деді Ерлан Тұрғымбаев мәжілістегі үкімет сағаты кезінде.
Сонымен қатар министр полицейлердің әскерилер сияқты баспана алуға мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді. Тұрғын үй төлемдері банк арқылы қызметкердің жеке баспанасына жұмсалады.
Айтуынша, мұндай жеңілдікпен қызметкерлердің 72%-ы қамтылған.
Сондай-ақ қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан және жарақат алған қызметкерлердің отбасысына тұрғын үй төлемі сақталады.
Пікір қалдыру